10 желтоқсанда мектепте " Заманауи білім берудегі жетекші тренд ретінде жобалық басқару " тақырыбында педагогикалық кеңес өтті .
Директордың орынбасары А.С. Шахантаева жиналған қауым назарына мектеп жұмысын стратегиялық басқару туралы баяндаманы ұсынды және жобалық әдісті пайдалана отырып, пән мұғалімдерінің жұмысын бақылау және талдау мақсатында мектепішілік бақылаудың қорытындылары туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де 9-10 сынып оқушыларының дәстүрлі кездесуі Алтай қаласының Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Біздің оқушыларымызды мектеп директоры М.М.Байбұлов жылы қарсы алды және БЖСМ жаттықтырушылары қатысты.
Білмейтін нәрсеге ғашық болу мүмкін емес, өз жерінің, өз қаласының тарихын білмесе, жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту өте қиын. Ендеше, біз – ұстаздар тарихты сақтаушы ретінде осынау биік сезімді балалардың жан дүниесіне сіңіруге үлес қосуға міндеттіміз.
2021 жылдың 01 қыркүйегінен 2021 жылдың 09 қыркүйегі аралығында «№ 1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де жол қауіпсіздігін алдын-алу бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» атты іс-шара өткізілді.
Қазақстанда 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Білім күні оқушыларға олардың ата-аналары, сондай-ақ үстаздар үшін де салтанатты сәт. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1 сынып бүлдіршіндері үшін ең қызықты да, есте қаларлық күн. Мектеп бітіріп білімін жоғарғы оқу орнында жалғастыратын бірінші курс студенттері үшін жаңа өмір бастауы. Елімізде білім беру ұйымдарында оқу жылы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды. Біздің мектеп оқушылары да дәстүрлі форматқа көшті. 1 сынып және 10 сынып оқушылары үшін Білім күніне арналған салтанатты жиын санитарлық талаптарды қатаң сақтап өткізілді. 2 сыныптан 9 сынып оқушыларына пән кабинетерінде сынып сағаттары ұйымдастырылды.
1959 жылы аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп-интернат болып құрылған. Шығыс Қазақстан облысының халыққа білім беру бөлімшесінің 1971 жылғы 8 шілдесіндегі №341 қаулысымен 1971 жылдың 1 қыркүйегінде дамуында және ақыл есінде мүкісі бар балалар үшін № 1көмекші мектеп-интернат болып өзгертілген. 2020 жылдан ШҚО білім басқармасы «Арнайы мектеп-интернаты №1» аталынады.