1 қыркүйек –Білім күні!

Қазақстанда 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Білім күні оқушыларға олардың  ата-аналары, сондай-ақ үстаздар үшін де салтанатты сәт. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1 сынып бүлдіршіндері үшін ең қызықты да, есте қаларлық күн. Мектеп бітіріп білімін жоғарғы оқу орнында жалғастыратын бірінші курс студенттері үшін жаңа өмір бастауы. Елімізде білім беру ұйымдарында оқу жылы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталды. Біздің мектеп оқушылары да дәстүрлі форматқа көшті. 1 сынып және 10 сынып оқушылары үшін  Білім күніне арналған салтанатты жиын санитарлық талаптарды қатаң сақтап өткізілді. 2 сыныптан 9 сынып оқушыларына пән кабинетерінде сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Мектеп туралы

1959 жылы аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп-интернат болып құрылған. Шығыс Қазақстан облысының халыққа білім беру бөлімшесінің 1971 жылғы 8 шілдесіндегі №341 қаулысымен 1971 жылдың 1 қыркүйегінде дамуында және ақыл есінде мүкісі бар балалар үшін № 1көмекші мектеп-интернат болып өзгертілген. 2020 жылдан ШҚО білім басқармасы «Арнайы мектеп-интернаты №1» аталынады.