Акция «Назар аударыңыз, балалар!»

2021 жылдың 01 қыркүйегінен 2021 жылдың 09 қыркүйегі аралығында «№ 1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де жол қауіпсіздігін алдын-алу бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» атты іс-шара өткізілді.

      Тәрбие сағаттарын өткізу барысында: тәрбие сағатының  жоспары, көрнекі құралдар, жол белгілерінің таңбалары, бағдаршам суреті, сонымен қатар дидактикалық материалдар: ребустар, сөзжұмбақтар, тапсырмалар және т.б. әзірленді.

   Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауға, ұйымдастырылған әртүрлі конкурстар мен жұмбақтар көмектесті. Балалар жол жүру кезіндегі жол қауіпсіздігі шараларын ойын арқылы меңгерді. Ойын арқылы оқушылар көшелер мен жолдардан қауіпсіз өтуі оларды тәртіпке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа шақырады.

   Барлық тәрбиелік іс-шаралардың негізгі мақсаты оқушылардың көше, жолдағы жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексеру және бекіту болып табылады.

     «Біз жол ережесін білеміз бе?» атты тәрбие сағаттарында оқушылар жол қозғалысы ережелерінің пайда болу тарихы, алғашқы бағдаршам қашан, қайда пайда болғаны туралы мағлұматтар алды. Ойын арқылы өткізілген сабақтарда оқушылар жаяу жүргінші, жүргізушіге арналған жол белгілерін дұрыс таба білді.

       «Жолдағы қауіпті жағдайларды қалай болдырмау керек?» атты танымдық сағатында 1-4 сынып оқушылары жол жүру ережелерін қайталап, жолда болатын жол-көлік жарақаттарының себептері туралы білімдерін жетілдірді.

Мектеп туралы

1959 жылы аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп-интернат болып құрылған. Шығыс Қазақстан облысының халыққа білім беру бөлімшесінің 1971 жылғы 8 шілдесіндегі №341 қаулысымен 1971 жылдың 1 қыркүйегінде дамуында және ақыл есінде мүкісі бар балалар үшін № 1көмекші мектеп-интернат болып өзгертілген. 2020 жылдан ШҚО білім басқармасы «Арнайы мектеп-интернаты №1» аталынады.