1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемесінің «№1-арнайы мектеп-интернаты» КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары өтті
. Іс-шаралардың мақсаты – Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігінің рухын нығайту, саяси тұрақтылықты, азаматтық татулықты сақтау, біртұтас мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға ықпал ету. Мұғалімдер мереке туралы түсінік беріп, халық бірлігін сақтаудың символы ретінде мерекенің мәні мен рөлін ашты. Мектеп оқушылары мерекенің тарихымен, Отанымыздың тәуелсіздігі жолындағы ата-бабаларымыздың ерліктерімен танысып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсетті. Өткізілген іс-шаралар толеранттылыққа, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге, рухани мәдениетін байытуға ықпал етті.