Жаңа жылдық ғажайып

Жаңа жыл - әр үйде, әр отбасында күтетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ ешкім жаңа жылдық ғажайыптарды, сиқырлы өзгерістер мен шытырман оқиғаларды біздің балаларымыз сияқты шын жүректен күтпейді. ШҚО «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де бастауыш және жоғары сынып оқушыларына жаңа жылдық құттықтаулар ұйымдастырылды. Балалар шытырман оқиғаның мерекелік атмосферасына еніп, қызықты сайыстарға қатыса алды. Аяз атаның келуімен нағыз мереке шырша айналасында ән мен биден, дөңгелек биден басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтар оқып, кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтар алды. Мереке көңілді және қызықты өтті!

Мектеп туралы

1959 жылы аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп-интернат болып құрылған. Шығыс Қазақстан облысының халыққа білім беру бөлімшесінің 1971 жылғы 8 шілдесіндегі №341 қаулысымен 1971 жылдың 1 қыркүйегінде дамуында және ақыл есінде мүкісі бар балалар үшін № 1көмекші мектеп-интернат болып өзгертілген. 2020 жылдан ШҚО білім басқармасы «Арнайы мектеп-интернаты №1» аталынады.